Динамикалық виртуалды машиналарды Kaspersky Security Center бағдарламасына қосу бойынша ұсыныстар

Динамикалық виртуалды машиналар статикалық виртуалды машиналарға қарағанда көбірек ресурстарды пайдаланады.

Динамикалық виртуалды машиналар туралы қосымша ақпаратты Динамикалық виртуалды машиналарды қолдау бөлімінен қараңыз.

Жаңа динамикалық виртуалды машинаны қосқанда, Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару консолінде осы динамикалық виртуалды машинаның белгішесін жасайды және динамикалық виртуалды машинаны басқару тобына жылжытады. Содан соң, динамикалық виртуалды машина Басқару сервері дерекқорына қосылады. Басқару сервері осы динамикалық виртуалды машинада орнатылған Желілік агентпен толық синхрондалған.

Ұйымның желісінде Желілік агент әрбір динамикалық виртуалды машина үшін келесі желілік тізімдерді жасайды:

Желілік агент осы желілік тізімдерді Басқару серверіне жібереді. Желілік тізімдердің өлшемі динамикалық виртуалды машинада орнатылған құрамдастарға байланысты, сондай-ақ Kaspersky Security Center және дерекқорларды басқару жүйесінің (ДҚБЖ) өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Жүктеме сызықты емес түрде өсуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Пайдаланушы динамикалық виртуалды машинамен жұмыс істеп, оны өшіргеннен кейін, бұл машина виртуалды инфрақұрылымнан жойылады, ол туралы жазбалар Басқару сервері дерекқорынан жойылады.

Бұл әрекеттердің барлығы Kaspersky Security Center бағдарламасы мен Басқару сервері дерекқорының көп ресурсын пайдаланады әрі Kaspersky Security Center және ДҚБЖ өнімділігін төмендетуі мүмкін. Kaspersky Security Center бағдарламасына 20 000-ға дейін динамикалық виртуалды машинаны қосу ұсынылады.

Қосылған динамикалық виртуалды машиналар стандартты операцияларды орындаса (мысалы, дерекқорды жаңарту) және ең көбі жадтың 80%-н және қолжетімді ядролардың 75-80%-н тұтынса, Kaspersky Security Center бағдарламасына 20 000-нан астам динамикалық виртуалды машинаны қосуға болады.

Динамикалық виртуалды машинада саясат, бағдарламалық жасақтама немесе операциялық жүйе параметрлерін өзгерту ресурстарды тұтынуды азайтуы немесе арттыруы мүмкін. Ресурстардың 80-95%-н тұтыну оңтайлы болып саналады.

Басына оралу